Құрметті әріптестер және қатысушылар,
Сіздерді «Ортопедия және Травматология саласындағы қазіргі заманғы жетістіктері: биомеханикалық зерттеулерден клиникалық зерттеулерге дейін» тақырыбындағы халықаралық қатысуымен 2024 жылғы 7-8 қарашасында Алматы қаласында өтетін Республикалық Ғылыми-Практикалық Конференцияға шақырамын.
Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау Министрлігінің 2024 жылға арналған жоспарының шеңберінде Башкент Университеті (Түркия, Анкара), "Қ.И.Сәтбаев атындағы қазақ Ұлттық Техникалық Зерттеу Университеті" КеАҚ және “Халықаралық Травматология Және Ортопедия Ғылыми Орталығы” ЖШС бірлесе отырып ұйымдастырылады.
Ғылыми-практикалық конференцияда Қазақстан, Түркия, АҚШ, Жапония, Қытай, Польша, Ресей, Оңтүстік Корея және басқа да елдердің ортопедия және травматология саласындағы үздік зерттеушілері, ғалымдары, зерттеушілері және медициналық аспаптар өндірушілері арасында жаппай өндіріске инновацияларды еңгізу, ғылыми-технологиялық парктерді дамыту, халықаралық ғылыми ұйымдардың ынтымақтастығы нығайту мәселелері бойынша шеберлік сыныптарын, презентациялар мен пікірталастар өткізеді.
Осыған орай мен сіздерді конференциямыздың қатысушысы болуға және травматология және ортопедия саласындағы заманауи зерттеулермен танысуға шақырамын.
Құрметпен,
Бас директор, Медицина ғылымдарының докторы, Профессор Е.Жүнісов