2024 жылғы 7-8 қарашада Алматы қаласында «Ортопедия мен Травматологиядағы қолданбалы ғылымның заманауи жетістіктері: биомеханикалық зерттеуден клиникалық сынаққа дейін» тақырыбында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2024 жылға арналған ғылыми-практикалық жоспарын жүзеге асыру шеңберінде халықаралық қатысумен республикалық ғылыми-практикалық конференция өтеді.
Іс-шараның ұйымдастырушылары: Башкент университеті (Түркия, Анкара), "Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті" КЕАҚ және "Халықаралық Травматология және Ортопедия Ғылыми Орталығы" ЖШС.
Түркия, АҚШ, Жапония, Қытай, Польша, Ресей, Оңтүстік Корея ғалымдарының қатысуымен өтетітн ғылыми-практикалық конференция барысында сериялық өндіріске инновациялық әзірлемелерді енгізу, ғылыми-технологиялық парктерді дамыту, халықаралық ғылыми ұйымдармен, ғылыми зерттеушілермен және ортопедия және травматология бойынша медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндірушілермен ынтымақтастықты орнату жолдары талқыланады.
Халықаралық қатысумен өтетін ғылыми-практикалық конференция аясында ғалымдардың, зерттеушілердің және дәрігерлердің назарына:
· пленарлық отырыстар;
· білім беру шеберханалар;
· спутниктік симпозиумдар;
· постерлік баяндамалар;
· медициналық мақсаттағы бұйымдар көрмелеріне қатысу жоспарланған.
Іс-шараның бағдарламасы келесі бөлімдерді қамтиды:
· Травматология және ортопедия бойынша ғылыми-технологиялық парк-зауытты ұйымдастыру;
· Травматология мен ортопедиядағы инновациялық технологиялардың авторлық әзірлемелері;
· Ортопедия-травматология саласындағы пациенттерді емдеуге арналған құрылғылар мен конструкцияларды әзірлеу кезіндегі сынақтың биомеханикалық аспектілері;
· Ортопедия мен травматологиядағы клиникалық сынақтар;
· Травматология және ортопедия бойынша қолданбалы ғылымдағы ғылыми әзірлемелерді патенттеу және коммерцияландыру.